Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 443–447 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443,5– 447,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 443-447 теңге аралығында құбылып тұр.
Еліміздің өзге өңірлерінде 442,5-446 теңгеден саудаланып жатыр.
20 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,11 теңгеге қымбаттап, 443,98 теңге болған.
Ұлттық банктің 21 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 443,99 теңге.