Басты бетЖаңалықтарЕлімізде 20-22...

Елімізде 20-22 шілде күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 20-22 шілде күндері ауа райы қандай болатынын жариялады.

Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің көп бөлігі атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болғандықтан, республикада жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауу мүмкін.

Ал еліміздің батысында 21 шілдеден бастап жауын-шашын тоқтау мүмкін.

Түнде ауа температурасы солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда 10-18 градусқа дейін жылы болу мүмкін.