Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ұсталды. Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитетінің Telegram арнасында жарияланды.
2023 жылғы 20 шілдеде ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен жемқорлық жасады деген күдікпен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты ұстады, — делінген хабарламада.
Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.