Биыл Алматы әкімдігі қала маңындағы 10 жаңа маршрут іске қосылады. Бұл туралы Almaty Zholy Telegram арнасында хабарланды.
Маршруттар Алматы облысының Талғар, Іле, Қарасай және Жамбыл аудандарына барады.
Сонымен қатар олар қала шегінен 50 километр радиуста орналасқан ауылдарды қамтиды.
Маршруттар мына бағыттар бойынша жүреді:
- «Жетысу» базары – Дәулет ауылы;
- «Алматы-1» темір жол вокзалы- Туғанбай, Нұра ауылдары;
- «Алматы-2 » темір жол вокзалы – Тұздыбастау кентіндегі «Султан» кешені;
- «Райымбек батыра» метро бекеті– Еламан ауылы;
- «Саяхат» автовокзалы – Қараой ауылы;
- Солтүстік айналым, «Салем» базары – Исаев ауылы;
- «Адем» сауда үйі – Батыр ауылы.
Жаңа маршруттар әлеуметтік маңызы бар қатынас саналып, субсидиялауға жатады. Қаланы дамыту бағдарламасына сәйкес, 2024 жылдың соңына дейін Алматы қаласының әкімдігі қала маңындағы 30 жаңа маршрутты ұйымдастырады, — делінген хабарламада.