Премьер-министр Әлихан Смайылов пен North Caspian Operating Company N.V. басқарушы директоры Оливье Лазар және Солтүстік Каспий жобасына қатысушы компаниялардың басшылары Қашаған мұнай-газ кен орнын игерудің өзекті мәселелерін талқылады. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Ол жерде экологиялық заңнамасының нормаларын сақтау, ағымдағы өндірістің тұрақтылығын қамтамасыз ету, Қашаған кен орнының болашақ кеңейту жобаларын іске асыру және өндіріс деңгейін ұлғайту жөніндегі шаралар және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру, газ өңдеу зауыттарын салу мәселелері талқыланды.
Үкімет Қашаған кен орнының тұрақты жұмысына және одан әрі игерілуіне ерекше назар аударады. Бұл – стратегиялық актив, сондықтан Қашаған кен орнының болашақ даму жобаларын уақытылы іске асыру біз үшін маңызды, — деді Әлихан Смайылов.
Кездесуде қатысушылар бірлесіп жұмыс істеп, көзделген жоспарларға қол жеткізу аясында сындарлы диалогқа дайын екендерін растады.