Талапкерлер қандай мамандықты көп таңдап жатыр?

Ғылым және жоғары білім министрлігі қазіргі уақытқа дейін грантқа қанша талапкер өтініш бергенін хабарлады.

Биылғы 19 шілдеге дейін білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 83 мың өтініш келіп түсті.

Талапкерлердің көбі құжаттарын Алматы (34 мың), Астана (16 мың) және Шымкент (5 мың) қалалардың жоғары оқу орнына тапсырып жатыр.

Сонымен қатар талапкерлер «Педагогикалық ғылымдар» (22 мың), «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» (16 мың) және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (11 мың) мамандықтарын көп таңдап жатыр.

Оған қоса білім беру бағытында ең көп өтініш «Ақпараттық технологиялар» —  тоғыз мың және «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» — бес мың мамандықтарына түскен. Ал «Медицина» бағытын төрт мың талапкер таңдаған.