Жетісу облысында жүк көліктерін тонаған алты адамнан құралған топ ұсталды. Бұл туралы полицияның баспасөз қызметі хабарлады.
Полиция таратқан хабарға сәйкес, олар жүйелі түрде аса дөрекілікпен ірі партиялы жүк көліктерден түрлі тауарларды ұрлаған.
Қылмыскерлердің белгілі бір схема бойынша әрекет етті. Оған қоса топтың жұмысы ұрланған мүлікті сатуға дейін жақсы ұйымдастырылған.
Олар түнде тас жолға шығып, фураның артында жүріп келе жатып, трассада жүк көлігі жылдамдығын бәсеңдететін және теңселмей жүретін жерлерді таңдамақ болған. Өз көліктерінің шамдарын алдын ала сөндіріп, көліктің шағылыстыратын элементтерін жапсырып қоюға тырысқан. Қарақшылар ауыр жүкке жақындап, онымен түйісу кезінде ілгегі бар арнайы жасалған баспалдақтың көмегімен жүк көлігінің төбесіне көтерілген. Екеуі жүк көлігінің төбесіне шығып, тенттің жоғарғы бөлігін кесіп, біреуі фураның ішіне кіріп, екіншісіне тауарды беріп отырды. Оның барлығы жол жиегіне лақтырылған, – деді Жетісу облысы полиция департаментінің бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Елдар Әбдікеновтың айтуынша, біраз уақыттан кейін қылмыскерлердің сыбайластары ГАЗель автокөлігімен тауарларды жинауға кіріскен. Ұрланған заттарды сатуға Алматыдағы таныстары көмектескен.
Қазір бірнеше адамның бұл қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп, күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр.