«Сканер-маркер» — студент жастардың арманын орындайтын құрал. Том-том кітаптарды ақтарып, лекция жазып жүрген жастардың жұмысы осы маркер арқылы анағұрлым жеңілдейді.
Кез келген мәтінді көшіріп беретін маркер пайда болды (Видео)
Лекция көшіруден, кітаптағы мәтіндерді теруден шаршадыңыз ба? Бұл мәселені шешуде жаһандану заманының жаңалығы сканмаркер көмекке келеді. Аталған маркердің ерекшелігі - енді сіз пернетақта арқылы уақыт кетіріп, әрбір әріпті теріп отырмайсыз. Жай ғана маркерді мәтін бетімен жылжыту арқылы бүтін бір кітапты көшіріп шыға аласыз.
Бұл маркер 30 тілді ғана көшіре алады екен. Ал оның ішінде қазақ тілі жоқ. Енді жас ғалымдарымыз осы істі қолға алса керемет жаңалық болар еді.