Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жиддаға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жидда қаласына жұмыс бабымен барды. Бұл туралы Ақорданың Telegram каналында жарияланды.

Президентті Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд шақырған.

Мемлекет басшысын әуежайда Мекке провинциясы губернаторының орынбасары, ханзада Бадр бен Сұлтан бен Әбделазиз, Жидда провинциясының губернаторы Салих бен Әли Ат-Түрки қарсы алды, — делінген хабарламада.