Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед пайғамбар мешітіне зиярат етті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы корольдігіне жұмыс сапар барысында исламда екінші қасиетті орын саналатын Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барды.
Президент Мұхаммед пайғамбардың қабіріне зиярат етіп, дұға жасады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше құрмет ретінде Пайғамбар жерленген киелі орынның есігі ашылды.
Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Жидда қаласында өтетін «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» деген мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысады, — делінген хабарламада.