мешіт

Ашылу салтанатына Алатау ауданының әкімі Бағдат Манзоров, Қазақстан Республикасының бас мүфтиі Ержан Маямеров және тұрғындар қатысты.

“Қазір еліміздің барлық аймағында жаңа мешіттердің салынып және ашылып жатқаны көңіл қуантады. Мешіт, ол адамдарды бірлікке, өзара түсіністікке шақырады. Тағы да басқа мешіттер алдағы уақытта өз есіктерін айқара ашса екен деп тілек етемін”, – деді бас мүфти.

Б.Манзоров өз кезегінде бұл Алатау ауданында ашылып отырған он бірінші мешіт екенін атап өтті.

“”Дархан” ықшам ауданы тұрғындарының демеушілігімен бүгін біз мешіт ашып отырмыз. Жалпы, қала бойынша 48 Алланың үйі болса, оның 10-ы біздің ауданда орналасқан еді. “Дархан” мешіті 11-ші болып тізімді толықтырып отыр. Қазір басқа аудандарда да мешіт құрылыстары қарқынды жүріп жатыр. Олар да жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деген үміттемін”, – деді аудан әкімі.

Еске сала кетсек, Алатау ауданы осыдан 8 жыл бұрын ашылған тиісінше, қаланың “жас” аудандарының қатарына жатады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!