Астанада жаңа оқушылар сарайы ашылды. Одан бөлек алдағы уақытта 15 қосымша білім беру нысаны салынады.
Бұл туралы Астана білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев мәлімдеді.
Білім беру ұйымдарының қолжетімділігін қамту негізінде бес білім ошағы салынды. Сонымен қатар шалғай аудандарда олардың филиалы ашылды. Биыл бір ауысымда 700 баланы қабылдайтын оқушылар сарайы ашылды. Алдағы уақытта президенттің тапсырмасы бойынша 15 қосымша білім беру нысанын салу жоспарланып отыр. Осы орайда мәслихат депутаттарына қай жерде, қандай білім беру мекемесі салынатынын көрсеткіміз келеді, — деді Қасымхан Сенғазиев қалалық мәслихаттың отырысында.
Оның айтуынша, бүгінде бес қосымша білім беру нысаны салынатын жер анықталды.
2024 жылы аталған бес қосымша білім беру мекемесінің құрылысын бастап, жыл соңына дейін аяқтау жоспарда бар, — деді ол.