Абай облысында құрғақ шөптен шыққан өрт оқшауланды. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.
17 шілде күні 07.14 шамасында Көкентау ауылдық округінде құрғақ шөптің жануы басылды.
Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, жалын шарпыған аймақ — 3 000 гектар. Қазіргі уақытта сөндіру жұмысы жерүсті әдісімен жүзеге асып жатыр. Елдімекендерге қауіп жоқ.
Тілсіз жаумен күреске жергілікті атқарушы органдардың, Абай облысы ТЖД және 68303 әскери бөлімінің күш-құралдары, барлығы 115 адам және 18 техника жұмылдырылды, — делінген хабарламада.
Еске салайық, 15 шілде күні Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватынан өрт шықты.