Басты бетЖаңалықтарМемлекет басшысы...

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігіне барады

Мемлекет басшысы 18-19 шілдеде Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен барады.

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Сауд Арабиясы Корольдігінде 18-19 шілдеде өтетін «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысады, — делінген хабарламада.

Саммитте бірқатар екіжақты кездесу өткізу жоспарланған.