Алматыдағы Абай даңғылында Байтұрсынұлы көшесінен Есентай өзені арқылы өтетін көпірге дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары басталады.
Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 17 шілдедегі сағат 23.00-ден 19 шілдедегі сағат 06.00-ге дейін даңғылдың солтүстік жағымен толық жабылатын полимерлі асфальтбетон төсеу жұмыстары жүргізіледі, — делінген хабарламада.
Жабық учаскені айналып өту Шевченко көшесі, Құрманғазы көшесі, Байтұрсынұлы көшесі, Сәтбаев көшесі арқылы жүзеге асырылады. Байтұрсынұлы көшесі бойынша көліктің өтпелі қозғалысы қолжетімді болады.