«Ертіс орманы» резерватында өрт болып жатыр. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 шілде күні Шарбақты ауданының Степное және Бауыртал орманшылықтарында орманда өрт шығып, қою түтін байқалды.
Төтенше жағдайлар министрі мен облыс әкімі аумақты әуеден барлады. 98 орамдағы өрт ерекше бақылауда, онда өрт күшейіп жатыр.
«Ертіс орманы» резерватының ақпараты бойынша, әуеден барлау нәтижесінде өртенген аумақтың алдын ала ауданы 850 гектр болды.
Оқиға орнында 100-ден астам техника мен 300-ден астам адам, оның ішінде бес тікұшақ өртті сөндіріп жатыр. Бір тәулік ішінде өрт ошақтарына әуеден 22 рет жалпы көлемі 66 текше метр су төгілді. Өртті сөндіруге Астана қаласы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды, — делінген хабарламада.