Басты бет Жаңалықтар Головкин — Джейкобс айқасын әлемнің 100-ден астам елі көрді

Головкин — Джейкобс айқасын әлемнің 100-ден астам елі көрді

18 наурызда өткен Головкин – Джейкобс жекпе-жегі әлемнің 100-ден аса елінде көрсетілді. Бұл туралы Головкиннің промоутері Том Леффлер мәлім етті.

«Біз жекпе-жекті трансляциялау құқығын халықаралық телеарналарға сату арқылы да үлкен табысқа жеттік. Бұл оқиға әлемнің 100-ден аса елінің назарында болды», — деп атап өтті Леффлер.

Естеріңізге салып өтсек, 18 наурызда (Астана уақыты бойынша 19 наурызда) Нью-Йоркте Головкин мен америкалық Джейкобстың арасында 12 раундтық жекпе-жек өтті. Төрешілер шешімімен отандасымыз жеңіске жетті. Айта кетсек, қазақстандық боксшы карьерасында алғаш рет 12 раундтық жекпе-жек өткізіп отыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version