Басты бетЖаңалықтарАлматыда екі...

Алматыда екі емхана салынады

Бостандық ауданында қазан айында 300 орындық «Балалар жедел жәрдем орталығының» операциялық блогымен бірге қабылдау бөлімшесінің жаңа корпусы ашылады.

Бұл туралы қала тұрғындарымен кездесу кезінде қала басшысы Ерболат Досаев айтты.

Оның айтуынша, медициналық мекемелерге жүктемені азайту мақсатында әкімдік алты денсаулық сақтау нысанын салып, кейбірін қайта жаңартады.

Әл-Фараби даңғылы мен Сырғабеков көшесі, Ю. Гагарин даңғылы мен Левитан көшесінің қиылысында әрқайсы 500 орындық екі жаңа емхананың және Жандосов көшесі алты мекенжайында Орталық қалалық клиникалық ауруханасының 500 орындық жаңа корпусы жобаланып жатыр. Бұл нысандардың құрылысы 2024 жылы басталады, — деді әкім.

Сонымен қатар перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының ғимаратына, №4 және №12 емхана күрделі жөндеуден өтеді. Жөндеу жұмыстары қараша айында, ал Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы келесі жылдың наурыз айында басталады.