Қазақстанда ақылы жолдарда жол жүру бағасы өседі. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитетінің әзірлеген бұйрық жобасында жазылған.
Автобустар үшін баға орын санына, жүк көліктері үшін — жүк көтергіштігіне байланысты өзгереді.
11 ақылы жолдың бағасына өзгерістер енгізіледі. Тарифтер айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты болса, жол ақысы 20%-ке өсуі мүмкін. Айта кетейік, Қазақстанда 1 АЕК — 3 450 теңге.
Ақылы жолдардағы баға өзгерістері:
«Астана–Щучинск» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0696 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,3478-ден 1,8087 АЕК-ке дейін.
«Астана–Теміртау» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0696 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,2435-тен 1,1652 АЕК-ке дейін.
«Алматы–Қорғас» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,1043 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,5217-ден 2,5565 АЕК-ке дейін.
«Алматы–Қонаев» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0348 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,0696-дан 0,3478 АЕК-ке дейін.
«Тараз–Қайнар» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0835 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,4104-тен 2,0661 АЕК-ке дейін.
«Шымкент–Қызылорда» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,153 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,7617-ден 3,8435 АЕК-ке дейін.
«Щучинск–Көкшетау» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0209 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,1043-тен 0,5217 АЕК-ке дейін.
«Астана–Павлодар» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,1322 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,6470-тен 3,2487 АЕК-ке дейін.
«Шымкент–Тараз» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0313 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,1496-дан 0,7617 АЕК-ке дейін.
«Қонаев–Талдықорған» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0661 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,3270-тен 1,6209 АЕК-ке дейін.
«Шымкент–Өзбекстан шекарасы (Ташкентке)» бөлімі: жеңіл автомобильдер үшін – 0,0313 АЕК, автобустар мен жүк көліктері үшін – 0,1461-ден 0,7304 АЕК-ке дейін.