Басты бетЖаңалықтарШығыс Қазақстан...

Шығыс Қазақстан облысында шыршаны кесуге тыйым салынды

Экология министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 2023 жылғы 5 шілдедегі бұйрығы бойынша Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі шырша екпесін санитарлық кесуге тыйым салынды.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде өрт сөндіру үшін ағаш кесуді қоспағанда, шыршаларды санитарлық кесуге тыйым салу енгізілсін. Шырша көшетіне майқарағайлы, самырсын, шырша жатады, — делінген хабарламада.

Бұйрық 2023 жылғы 23 шілдеде күшіне енеді.