Алматылықтар жол ережесін бұзған мопед жүргізушілерінің үстінен әкімге шағымданды.
Неге мопедтердің жаяу жүргіншілер жолымен жүруіне тыйым сала алмайсыз? Арбатта жүруге болмайды, бірақ мұнда олар бар жылдамдықпен жүреді. Біздің баратын жеріміз жоқ. Біз олардан жолға шығуын сұраймыз, алайда олар мән бермейді. Полицейлер ештеңе істемейді, — деді Бостандық ауданының тұрғыны.
Ерболат Досаевтың айтуынша, мопед жүргізушілерін реттеу үшін заңнамалық нормалардың қабылдануының аяқталуын күту керек.
Электросамокаттардың қозғалысы заң жүзінде реттелді. Келесі кезекте мопедшілер тұр. Бізде мопедтерге, электросамокаттарға және жалпы қозғалтқышы 50 текше метрге дейінгі көліктерге қатысты келесі өзгертулер пакеті бар. Олар заң жүзінде көлік құралы ретінде танылған кезде оларға айыппұл салуға болады. Ал Арбат бойында – біз өтуге толық тыйым салдық. Мерзімді түрде Алмалы ауданында болғанымда түнде көлік жүргізеді деген өтініштер түседі, соған орай шара қолданамыз. Бұл мәселе барлығын мазалайды. Мопедпен негізінен азық-түлік таситын жұмысшылар жүретінін білесіздер. Олар жеткізуді, тапсырысты орындауға үлгеру үшін кез келген тәртіпті бұзуға дайын, — деді әкім.
Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Арыстанғани Заппаров мопед жүргізушілерімен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.