Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері 1-жартыжылдықта 16,1 триллион теңгеге дейін ұлғайды. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин айтты.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері 1-жартыжылдықта 16,1 триллион теңгеге дейін 9,9%-ке ұлғайды, инвестициялық кіріс көлемі 588,5 миллиард теңге болды. Зейнетақы активтерінің портфелін әртараптандыру және шетелдік нарықтарда инвестициялау мақсатында 2023 жылдың басынан бастап 1,3 миллиард доллар сатып алынды, — деді Виталий Тутушин.