«Астана Моторс» компаниясының тобына кіретін TANK брендінің ресми дистрибьюторы TANK 500 премиум жол талғамайтын көлігіне алдын ала тапсырыс беру басталғанын хабарлады.
TANK 500 — Great Wall Motor автоконцерннің жол талғамайтын брендінің флагмандық үлгісі. TANK 500 желідегі басқа «бауырлары» сияқты ерекше сипат пен талғампаздыққа ие.
TANK 500 — байыпты әрі әсерлі көлік. Ол сапаға, классикаға, беделге аса мән береді және эклюзив дизайнның ең жақсы үлгісі болды.
TANK 500-ге қарасаң, жеке жүргізушіні қажет ететін сияқты. Бірақ оның тізгінін өзгеге қимай, оны айдаудың ләззатын ешкіммен бөліскіңіз келмесі анық. Себебі ол — сізге ыңғайланатын епті, қуатты әрі жылдам көлік.
TANK 500 капотының астында 299 л.с. және 500 Hм айналу моментін беретін, 6 цилиндрлі, үш литрлік бензин турбомоторы бар. Оған қоса автоматты 9 сатылы берілу қорабы бар. Трансмиссияны тиімді пайдалану үшін инженерлер жол жағдайына байланысты өзгертуге болатын жүргізудің 11 әдісін әзірледі. Алдыңғы дөңгелегі бар артқы жетек саяхатта ыңғайлы, жаңа мүмкіндіктерді ашады.
TANK 500 — резеңке-металл тіректер арқылы бекітілген, корпусы толық металдан жасалған жақтаулы платформа. Оның жүк көтергіш құрылымы жоғары сападағы өте берік болаттан әзірленген.
Дегенмен бұл «темір күш» талғампаз, сәнді және технологиялы салонмен жасырылған. TANK 500-дің интерьері желкенді қайық сияқты, әрбір сапар криуз іспеттес.
Tank 500-де панорама люгі бар. Салон бөліктеріне Nappa былғарысы және ағаш декоры пайдаланылған. Электроникасында виртуал компбинация аспабы, 14,6 дюйм экраны бар мультимедиа жүйесі, «мөлдір капот» функциясы орнатылған айналмалы камера, 12 динамик пен сабвуферден тұратын акустикалық премиум жүйе қарастырылған. Жүргізушінің орындығы алты бағыт бойынша өзгертіледі, оған қоса жады, жылыту және желдеткіш функциялары қосылған.
TANK 500 салоны жүргізушіге де, жолаушыға да ыңғайлы. Әрқайсына климат-бақылау (TANK 500-де ол үш аймақтық), сымсыз қуаттағыш, люк пердесін басқару және бірнеше массаж режимі қарастырылған.
Жол қауіпсіздігін электрон көмекшінің бір тобы бақылап отырады: төмен жылдамдықтағы қозғалыс функциясы бар адаптив круиздік бақылаудан бастап, жол талғамайтын көліктің жолдан тыс жылдамдықты сақтау функциясына дейін (Creep mode) және жолдан тыс жерге бұрылғанда көмек беретін жүйелер (TANK turn).
TANK 500 «солтүстік аймаққа» өте жақсы бейімделген — алдыңғы және артқы терезеге, айнаға, рөл, барлық орындыққа жылу және жуғыш саптамалар қосылған.
TANK 500-дің екі топтамасына алдын ала тапсырыс беруге болады: Premium және Tech Plus. Оған қоса бес орындық немесе жеті орындықтың бірін таңдауға мүмкіндік бар.
Бағасы 26 700 000 теңгеден басталады.
TANK-тың ресми дилер орталықтарына барып, алдын-ала тапсырыс беруге болады. Оған қоса ресми дистрибьютордың сайты және 7007 нөмірі арқылы өтініш бере аласыз.