Басты бетЖаңалықтарАлматы құтқарушылары...

Алматы құтқарушылары аптап ыстыққа байланысты ескерту жасады

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, 12-13 шілде аралығында Алматыда сынап бағанасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Күн қатты ыстық болуы ықтимал.

Осыған байланысты Алматы төтенше жағдайлар департаменті төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

  • Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, сағат 12.00-ден 16.00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киюге тырысыңыз және күннен қорғайтын сықпа майлар қолданыңыз;
  • Алкогольді ішімдік ішпеңіз – алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді және дене жоғары температураға сезімтал болады;
  • Сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз;
  • Денеге салмақ түсірмеңіз. Күшті жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеліп соқтырады;
  • Авто көліктермен ұзақ сапарларды шектеуіңіз керек, егер бұл мүмкін болмаса, жолда мүмкіндігінше абай болыңыз, себебі, қатты ыстықтан көңіл күй төмендеп адам өзін нашар сезінуі мүмкін және реакция төмендейді.
  • Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сіздің өміріңізге қауіп төнгендей жағдай болса, «112», «101» бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз (қоңырау шалу тегін).