Басты бетЖаңалықтарПрезидент Астананы...

Президент Астананы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Кеңесте президент елордадағы бірқатар мәселені назарға алды. Оның айтуынша, елордадағы негізгі өзекті мәселелер қаланың дамуына қатысты тиісті жоспардың, яғни дұрыс жоспарлау жұмысының жоқтығынан туындап отыр.

Мұны ашық айтуымыз керек. Бақылаусыз жүргізіліп жатқан құрылыс, сападан гөрі санға мән беру және жан-жақты ойластырылмаған шешімдер қаладағы өмірлік маңызы бар инфрақұрылымның тапшылығына алып келді, — деді президент.

Мемлекет басшысы Астанадағы жағдайдың мүшкіл болуы жауапты басшылардың біліксіздігінен деп отыр.

Жағдайдың соншалықты мүшкіл болуына жауапты басшылардың біліксіздігі немесе бас пайдасын ойлағандығы себеп болды. Қала басшылығы құрылыс компанияларының пайдасын емес, мемлекет пен азаматтардың мүддесін бәрінен биік қоюға тиіс, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.