15 жыл ауыл басқарған əкім Сапарбаевқа өтірікті соқты

«Мынау не ауылда соғыс болды ма? Соғыстан кейінгі ауыл секілді. Қарағым, 15 жылда не бітірдің? Бір клубты жөндеуге шамаң келмеді ме? 500-ден аса тұрғыны бар ауылда шаралар 60 адамға арналған мектептің спорт залында болады. Бір гектар да суармалы жер жоқ», – деді Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев.

Күмілжіп, жауап бере алмаған əкім жер шұқып қалды.

^CE3788BF19B093341633295B03BA4105784D0E8112E2D425C1^pimgpsh_fullsize_distr

Бүгін облыс əкімі Алға ауданындағы селолық округ əкімдерінің есебін тыңдауға барған болатын. Қарақобда ауылындағы есеп облыс əкімінің ойынан шыққан жоқ. Сасқан ауыл əкімі Сапарбаевтың сауалына көзін жұмбастан өтірік айта салды. Ол “ауылда көгалдандыру жұмыстары жақсы жүріп жатыр” деді.

“Ағаш қайда? Менің көзім жоқ па? Көзім жоқ болса екен, неге өтірік айтып тұрсың? Ауылға кіргенде бір тал көрген жоқпын”, – деген облыс басшысы ауыл əкімін сілкіп алды.

Облыс басшысы əкімге ескерту айтып, халықты бірлікке шақырды. Ерінбей еңбек ету керектігін айтты.

Дереккөзnur.kz