Премьер-министр Әлихан Смайылов төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың еліміздің кейбір өңірдің ауа температурасының көтерілуіне байланысты қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамасын тыңдады. Бұл туралы ТЖМ министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрдің айтуынша, ауа райына байланысты азаматтық қорғау органдары жоғары дайындық режиміне ауыстырылды.
Әлихан Смайлов ТЖМ-ге облыс әкімдіктерімен бірлесіп штаттан тыс жағдайларға, табиғи өртке және адамдардың судағы қауіпсіздігіне толық дайындықты жақсарту үшін қажет күштер мен техникалық құралдарды жұмылдыруды тапсырды.