«Барахолка» базарындағы өрт толығымен сөндірілді. Өрт сөндірушілер жеткенде контейнерлік типті қоймалар жанып жатқан. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға орнына бірден жедел штабы жіберіліп, өртті сөндірудің үш учаскесі анықталды. Көрші тұрған контейнерлерді сөндіруге және қорғауға өрт оқпандары іске қосылды, — делінген хабарламада.
Өрт сағат 14.05-те жойылды. ТЖД күштері мен құралдарынан 74 адам, 20 техника және қаланың басқа да қызметтері жұмылдырылған.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Айта кетейік, Алматыда «Кенжехан-2» киім базарының қоймаларының бірінде өрт шықты.