Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен жұртшылық өкілдеріне ҮАК арқылы өтетін Сейфуллин көпірінде жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы түсіндіріп айтып берді. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Олардың айтуынша, әлеуметтік желілерде тараған тұтас гранитті тастардың жойылғандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
Профильдік басқарманың хабарлауынша, көпірде тек апаттық қаптау фрагменттері өзгереді. Бірақ 1980 жылдардан бері сақталған сапалы гранит жабыны орнында қалады.
Сейфуллин даңғылының Үлкен Алматы каналымен (ҮАК) қиылысындағы көпір өткен ғасырдың 80-жылдарында салынған. Содан бері бұл көпір құрылысы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Әр жылдары ағымдағы жөндеу аясында сынған, тозған плиталарды ішінара, бөлшектеп қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, — делінген хабарламада.
Көпірдің қаптамасында материалдың екі түрі қолданылады: оң жағында – гранитті тастар, сол жағында – Сейфуллин даңғылының жүру бөлігінде – қалыңдығы 20 миллиметр кесілген гранит плиталары.
Беті жылтыр, жақсы сақталған бүтін гранитті тастарды тазалап, тегістеу үшін алып тасталынады. Бірақ оларды қайта қалпына келтіреді. Баспалдақ жиектеріндегі плиталар ыдырап, тірек қабырғаларында және құрылымның өзінде гранит плиталар қабыршақтанған.
Мұның бәрі жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне қауіп төндірді. Жөндеу жұмыстары кезінде бұл плиталар да тазартылып, бастапқы қалпына келтіріледі.
Сейфуллин даңғылының қозғалыс бөлігінің қаптау үшін қолданылатын қалыңдығы 20 миллиметр кесілген жалпақ гранит плиталарында да ақаулар мен үгінділер бар. Ол да плиталар ұқсас плиталарға ауыстырылады. Бөлшектелген және ауыстырылған плиталардың жалпы саны 25%-тен аспайды.
Орнатылатын гранит плиталарында мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде тіркелген сәйкестік сертификаты бар. Осы сертификат тиісті түрде сәйкестендірілген әрлеу плиталары – граниттен («Желтау», «Майкөл» және «Жалғыз-5» кен орындары) жасалады, — делінген ведомствода.
Жұмыстарды биыл шілде айының соңына дейін аяқталу мүмкін. Көпірді жөндеу жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін Түрксіб ауданы тұрғындарының жеке өтініштері бойынша жүргізіледі.