8 шілдеде сағат 13:00-дегі жағдай бойынша қамыс өсімдіктерінің ашық жалынымен белсенді тұтану алаңы 50 гектарға дейін жетті. Бұл туралы Атырау облысының ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Атырау облысы ТЖД және «Ақ Жайық» МТР күштері бірлесіп өртті сөндіріп жатыр.
Оған қоса 8 шілдеде өрт ошақтарын сөндіру үшін Қызылордадан тікұшақ жұмылдырылды.
Ал 7 шілдеде сағат 08:19-да өрт ошақтарын анықтау мақсатында әуеден бақылау жүргізу үшін «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылған болатын.
Сонымен қатар өртті сөндіруге аумақтың сулы-батпақты болғаны қиындық туғызып жатыр.
Бүгінгі күні өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 38 қызметкері, алты бірлік техникасы; «Ақ Жайық» МТР 28 қызметкері және тоғыз бірлік техникасы, төрт бірлік мотопомпасы жұмылдырылды, — делінген ведомствода.
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Айта кетейік, өрт 7 шілдеде сағат 19:00-де басталды.