Іле-Балқаш резерватында өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
2023 жылғы 6 шілдеде сағат 21:00-де Алматы облысының ТЖД Қараой ауылынан 30 шақырым жердегі Қараой ауылдық округінде «Іле-Балқаш «МТР» РММ аумағында қол жетімділігі қиын, батпақты, жолсыз жерде қамыстың жануы орын алғаны туралы хабарлама түсті, делінген ведомствода.
Басқарманың мәліметінше, өрт аумағы анықталады. Елді мекендерге қауіп жоқ.
«Іле-Балқаш «МТР» РММ және Алматы облысы ТЖД 22 қызметкері мен сегіз техника бірлігінің күшімен өрт сөндіріліп жатыр.
Айта кетейік, 25 маусымда Іле-Балқаш резерваты аумағындағы қамысты алқаптың 150 гектары өртенді. Өртті сөндіру үшін тікұшақ жұмылдырылған.