Балқаш ауданы, Қараой ауылынан 30 км жерде, «Іле-Балқаш» МТР» РММ аумағындағы (жетуі қиын, батпақты, жолсыз жер) жекелеген аралдарда қамыс өртенген. Бұл тұралы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Департаменке өрт туралы хабар 3 шілде сағат 21.00-де түскен. Ведомство хабарламасында қазір қауіп жоқ екені жазылған.
Өртті сөндіруге «Іле-Балқаш» МТР» РММ және Алматы облысы ТЖД 16 адам, сегіз бірлік техника, екі мотопомпа, жүзу құралы және ұшақсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Елді мекендерге қауіп жоқ, — делінген хабарламада.