Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көлік комитеті 23 жылжымалы көлік бақылау бекетін сатып алады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында айтты.
Қазір индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік комитетінің аумақтық органдарының теңгерімінде 48 жылжымалы көлік бақылау бекеті бар. Оның ішінде 20 бірлік 100% тозғандықтан, пайдаланылмайды, — деп жазылған жауапта.
Құжатта қазір 21 жылжымалы бекет сатып алу жоспарланғаны жазылған.
Жарияланған конкурстардың қорытындысы бойынша 2023 жылғы 16 маусымда комитет өнім берушіні айқындап, шарт жасасты. Оған сәйкес 45 күнде 18 бірлік арнайы автокөлік беріледі. Оған қосымша арнайы үш автокөлік сатып алу жоспарланып отыр, — деп жазды Роман Скляр.