Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның бірнеше...

Қазақстанның бірнеше өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін

«Қазгидромет» РМК құрғақшылық бойынша шілдедегі түзетілген болжамды жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ылғалдылық негізінен нормаға жақын болады деп күтіліп отыр.

Күтілетін орташа құрғақшылық:

  • Ақмола облысының Жарқайың ауданында,
  • Қостанай облысы Жангелді ауданында,
  • Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз аудандарында,
  • Қарағанды ​​облысының Шет және Ақтоғай аудандарында,
  • Түркістан облысының Қазығұрт, Шардара, Отырар аудандарында.

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Қостанай облысының Амангелді ауданында қатты құрғақшылық болуы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында, Петропавлда және Батыс Қазақстанның Қазталов ауданында қалыпты ылғалды ауа райы күтіледі, — делінген хабарламада.