1 қыркүйектен бастап мысық пен итті есепке қойып, чиптеу міндетті болады. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады.
Енді «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР заңы бойынша, биыл 1 қыркүйектен бастап мысықтар мен иттерге чип тағу және оларды арнайы есепке қою міндетті болады.
Ал үй жануарларының басқа түрлерін, яғни егеуқұйрық, хомяк немесе мини-пигтерді есепке алу ерікті негізде жүргізіледі.
Қазақстандықтар үшін электрон жүйеге жануарлары туралы ақпаратты енгізу — тегін. Дегенмен чип тағу үшін мысық пен ит иелері өз қалтасынан ақша төлеуге тиіс. Оны өтеуге мүмкіндігі жоқ әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қызмет түрі тегін болады.