2023-2024 оқу жылында қазақ тілінде оқытатын 1-кластарда «Әліппе/Ана тілі» пәндері, ал «Орыс тілі» пәні 2-кластан бастап оқытылады.
Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының мәліметінше, 2023-2024 оқу жылында тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу мақсатында қазақ тілінде оқытатын 1-кластарда «Әліппе/Ана тілі» пәндері, ал «Орыс тілі» пәні 2-кластан бастап оқытылады, — делінген хабарламада.
Ал орыс тілінде оқытатын кластарда 1-класс оқушылары «Қазақ тілі» және «Букварь» пәндерін оқиды. «Шет тілі» пәні 1-2-кластарда емес, 3-кластан бастап оқытылады.
Тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу тәсілі өткен оқу жылынан бастап іске асырылып жатыр. Бұл тәсіл білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретіні маңызды, — деді Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева.