Экология және табиғи ресурстар министрі Зүльфия Сүлейменова Абай облысындағы ормандағы өрттен қанша шығын келгені әлі есептелмегенін айтты.
Оның айтуынша, Абай облысындағы ормандағы өртті жою жұмыстары әлі аяқталмаған. Сол себепті шығын мөлшері есептелген жоқ.
Өрт толығымен жойылған соң, екі аптадан соң арнайы жұмыс тобы құрылып, өрт болған аумаққа барып, келтірілген шығын көлемі есептеледі. Яғни, қазіргі таңда қандай зиян келтірілгені туралы ақпарат әзірге жоқ. Ал экологияға келген залал жайлы қандай да бір ақпараттар жарияланып жатса, бұл – адамдардың тұспалдап, жобалап айтып жатқандары, — деді министр үкімет кулуарында.
Еске салайық, 8 маусым күні Абай облысының Семей орманы резерватында ірі өрт тұтанды. Салдарынан 15 адам қаза болды.