Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мұстафа Капуджумен кездесті.
Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Тараптар әскери білім беру, жауынгерлік даярлық және бітімгерлік қызмет саласындағы әскери ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Одан бөлек әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберіндегі өзара іс-қимыл да айтылды, — делінген хабарламада.
Кездесу соңында генерал-полковник Руслан Жақсылықов дипломатқа «Мехтеран» түрік әскери оркестрінің «Астана – мәдениет керуені» I халықаралық әскери-музыкалық фестиваліне қатысуына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Ол бейбітшілік, ынтымақтастық және тату көршілік идеяларын ілгерілетудегі мәдениеттің маңызды екенін айтып өтті.