«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов бүгінгі үкімет отырысында мұнай өңдеу зауыттарындағы бензин мен дизель қоры туралы айтты.
Жалпы еліміз бойынша бір айға тұтынуға жеткілікті көлемде АИ-92 маркалы бензині мен дизель қоры бар. Ал АИ-98 маркалы бензиннің қоры екі аптаға жетеді, — деді Дәулетжан Хасанов.