Басты бетЖаңалықтарҚазақстан мен...

Қазақстан мен Бахрейн арасында әуе қатынасы ашылды

Қазақстан мен Бахрейн арасында әуе қатынасы ашылды. Бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмыс шеңберінде 28 маусымнан бастап Қазақстан мен Бахрейн арасында Алматы – Манама бағытымен туристік чартерлік рейстер іске қосылды.

Рейстер SCAT әуе компаниясымен аптасына бір рет (сәрсенбі күндері) жиілікпен Boeing-737 үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.

Осы халықаралық бағыттың ашылуы Қазақстан мен Бахрейн арасындағы мәдени, іскерлік, инвестициялық және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді, — делінген хабарламада.