Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Алматы – Жидда (Сауд Арабиясы) бағыты бойынша рейстерді іске қосты.
Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, тікелей рейстер 1 қазанда басталып, аптасына екі рет орындалады.
Рейс Алматыдан сағат 18.40-та ұшып, Жиддаға 22.30-да жетеді, кері рейс Жиддадан сағат 23.30-да ұшып, Алматыға келесі күні сағат 08.15-те жетеді. Рейстер Airbus A321 LR ұшағымен орындалады. Жиддаға бағытталған рейстің ұшу ұзақтығы алты сағат 50 минут, кері рейс уақыты бес сағат 45 минут. Желтоқсаннан бастап тағы бір жиілік қосылады, — делінген хабарламада.