Басты бетЖаңалықтарЖайық ұландары...

Жайық ұландары жазғы демалыс лагерьлеріне барады

Бүгін БҚО ңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг балалардың жазғы демалысын қауіпсіз, ойдағыдай ұйымдастыру мәселелеріне арналды. Оған санитариялық – эпидемиологиялық бақылау  департаменті мен төтенше жағдайлар департаментінің жауапты тұлғалары қатысты.

Олардың айтуынша, 2023 жылы 103 134 оқушы немесе шәкірттердің 93,6 пайызы жазғы демалыспен қамтылады деп жоспарлануда.  Әр түрлі бағыттағы 680 лагерь жұмыс жасамақ. Қала сыртындағы 19 лагерьде 7310 оқушы, мектеп жанындағы тамақ ұйымдастырылатын 282 лагерьде 28 282 оқушы, мектеп жанындағы тамақ ұйымдастырылмайтын 370 лагерьде  59 586 оқушы, 9 шатырлы лагерьде 2931 оқушы демалады деп күтілуде. Әр ауысымның уақыты 7-10 күн. Балаларға сауықтыру, білім беру, экологиялық, шығармашылық, спорттық бағдарламалар әзірленді.

ТЖ департаменті жоғары тәуекелді дәрежеге жататын облыстағы балалардың 10 жазғы демалыс лагерін есепке алды. Олардың едәуір бөлігі қала сыртында, соның ішінде орманды дала аймақтарында орналасқан. Жағажайлары бар 4 лагерь жұмыс жасайды. Өтініш бойынша департаменттің сүңгуірлері су айдындарының түбін тексеріп, тазартты.

Облыстық білім басқармасының ақпараты бойынша, балаларды жүзуге үйрету үшін 34 рамалық-модульдік бассейн жұмыс істейді, оның 11-і қала сыртындағы балалар лагерьлерінде, 22-сі мектеп жанындағы лагерьлерде, біреуі «Дарын» қосымша білім беру орталығында құруға дайындалып жатыр. Қосымша 2 бассейн сатып алу жоспарлануда, — деді боифингте жасаған баяндамасында БҚО ТЖД бастығының орынбасары Рашид Блялов.

Жалпы, облыс аумағында барлығы 25 жағажай бар, оның 3-еуі биыл ашылған. Бүгінгі таңда ТЖ департаментінің құтқарушылары 24 жағажайдың түбін тексеріп, тазартты. Қазір 19 жағажай жұмыс істеп тұр, қалғандары барлық дайындық шаралары өткізілгеннен кейін ашылады деп жоспарлануда.

Кейінгібес жылда облыс бойынша 128 адам суға кеткен, оның ішінде 28-і бала. ТЖ департаментінің күшімен 3 бала құтқарылды.

Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау ҚР ӘҚБ кодексінің 412-бабына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. Жеке тұлғаларға 7 айлық есептік көрсеткіш, заңды тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Мәселен, жыл басынан бері су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзған жеке тұлғаларға 5 әкімшілік хаттама толтырылған.

Алкогольді ішімдік ішкен немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүргендерге ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.