Үкімет Екібастұз жылу электр станциясын жөндеу жұмыстары бойынша ақпарат жариялады. Бұл туралы Рrimeminister.kz хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде тәулік бойы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелер бар. Станциядағы 10 қазандықтың барлығы жөнделеді. Бюджет есебінен бес су жылыту қазандығы жөнделсе, Орталық-Азия электрэнергетикалық корпорациясы бес қазандықты жөндеп береді. Соның ішінде сегіз қазандыққа күрделі жөндеу жасалады.
Бүгінде жеті мен тоғыз қазандықты жөндеу жұмыстары аяқталды. 18 тамызда алты энергетикалық қазандық пен бесінші су жылыту қазандығы жөнделеді. Ал 11, 14 пен 15-ші су жылыту қазандықтарында ескі жабдықтарды бұзу жұмыстары аяқталды. Қазіргі кезде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық учаскеде жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге атқарылып жатыр, — делінген хабарламада.
Екібастұзда гидравликалық сынақтар барысында анықталған барлық 269 ақау толық көлемде жойылды. 690 көп қабатты үйдің 568-інде сығымдау, жүйелерді жуу аяқталды. Басқару нысаны жоқ 182 көп қабатты үйде дайындықты қала құраушы кәсіпорындар жүргізіліп жатыр. Шілде айының соңына дейін барлық жұмыс аяқталады.