Басты бетЖаңалықтарБалқаш ауданындағы...

Балқаш ауданындағы өрт толығымен сөндірілді

Алматы облысы Іле-Балқаш резерваты басшылығының ақпараты бойынша, Іле-Балқаш резерватының аумағындағы қамыс өрті 2 шілдеде сағат 07-40-та жойылды. 

Өртті сөндіруге ТЖД-ның 47 қызметкері мен 5 бірлік техникасы, 2 жүзу құралы, 1 ҰҰА және Іле-Балқаш резерватының 25 адамы және 10 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің таралуын болдырмау үшін қосымша 8 адам және 4 бірлік орман шаруашылығы техникасының күшімен минералдандырылған жолақ орындалды. Ғарыштан барлау барысында бықсу және жану учаскелері табылмады, — делінген департамент хабарламасында.

22 маусымда Алматы облысында Іле-Балқаш резерватының аумағында өрт басталды. ТЖМ деректері бойынша бастапқыда 6 200 гектар жер өртенген.