Басты бетЖаңалықтарАлматыда заңсыз...

Алматыда заңсыз алты қоқыс орны анықталды

Алматыда жыл басынан бері ғарыштан түсірілген сурет арқылы рұқсат етілмеген алты қоқыс орны анықталды.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы бойынша экология департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Ерлан Жақиянов айтты.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта олардың барлығы жойылған. Былтыр 12 рұқсат етілмеген қалдықтар орны анықталды.

Алматы бойынша экология департаменті 2022 жылы 98 тексеру жүргізді. Оның ішінде 13 субъект профилактикалық бақылау бойынша тексерілді, жоспардан тыс – 32 және өзге де нысандар — 53. Анықталған бұзушылықты уақытында орындамағаны үшін бірқатар нысан иелеріне Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық кодекісінің (ҚР ӘҚБК) 462-бабы 3-бөлігі бойынша хаттамалар ресімделді және материалдар Алматының мамандарылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. Сот қаулысымен жалпы сомасы 2 700 535 теңгеге бес әкімшілік жаза қолданылды, – деді экология департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Ерлан Жақиянов.

Сонымен қатар ол экология департаметі, полиция және Алматының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасымен бірлесіп «Таза ауа» атты рейд өткізгенін айтты.

Рейдтік іс-шара барысында 112 автокөліктен сынама алынды. Өлшеу нәтижелері бойынша 11 жүргізушіге ескерту берілді, бес жүргізушіге 214 410 теңге айыппұл салынды, — деді Ерлан Жақиянов.