Басты бетЖаңалықтарПрезидент: Полиция...

Президент: Полиция қызметінің сервистік моделі енгізіліп жатыр

Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісі кезінде мемлекет басшысы полиция қызметінің сервистік моделі енгізіліп жатқанын айтты.

Бүгінде полиция қызметінің сервистік моделі енгізіліп жатыр. Пилоттық жобалар қолға алынды. Соның арқасында тұрғындармен тығыз жұмыс жасайтын бөлімшелердің қызметі реттелді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, «жұртқа жақын полиция» қағидатын орнықтыру үшін нақты шаралар қабылданып жатыр.

Осы қарқынды тоқтатпау керек. Пилоттық жоба аясында қол жеткен жетістікпен шектеліп қалуға болмайды. Ашығын айтқанда, қызмет көрсетудің сервистік моделі туралы тек мамандар ғана айтып жүр. Қарапайым азаматтар мен қоғам өкілдері пікір білдіріп жатқан жоқ. Бұл – халық оның нақты нәтижесін, оң өзгерістерді көріп жатқан жоқ деген сөз. Сонымен бірге сотқа дейінгі тергеу саласына да назар аударған жөн. Бұл – құқық қорғау жүйесіндегі мемлекеттік қызметтің ерекше бір түрі. Оның өзіндік ішкі тәртібі мен ережелері бар, — деді президент.