Басты бетЖаңалықтарПрезидент сұйытылған...

Президент сұйытылған газ айналымына қатысты заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев сұйытылған газ айналымын реттеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ айналымын реттеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.