Changan автокөлік концерні автомобиль әлемінің экспансиясына ауқымды жоспар құрып отыр. Оның ішінде Қазақстан да бар. Компания Қазақстанға ауданның құрамдас бөлігі ретінде ғана емес, «си-ай-эс», яғни бренд үшін маңызды жеке нарық ретінде қарап отыр. Олар жобасын «Vast Ocean Plan» деп атады. Осылай, компания сыртқы нарыққа шығуды кеңейту стратегиясын белгіледі. Себебі олар ол жерден дамудың, жаңа мүмкіндіктердің шексіз мұхитын көретініне сенімді.
2030 жылға дейін Changan жылына 5 миллион автокөлікке дейін шығарып, өзінің 1,2 миллион автокөлігін Қытайдан басқа мемлекеттерге де экспорттап, әлемдік автопромға қосатын үлесін арттырғысы келеді. Десе де бүгіннің өзінде концерн көпшілік қызығатын жетістікке жетті: Қытайдағы ТОП-3 автокомпанияның қатарына енді, оған қоса жылына 2 миллионнан астам көлік өндіріп, дүниежүзі бойынша автокөлік өндіретіндердің үздік ондығына кірді.
Қазақстандық журналистер мен блогерлер Чунцин қаласындағы Changan зауытына барып, компанияның мақсаты қаншалық шынайы екенін әрі олардың табысқа деген сенімінің түбінде не тұрғанын біліп қайтты.
Changan зауыты туралы не білу керек: минутына 1 автокөлік
Чунцин – 32 миллион адам тұратын Қытайдың ең үлкен қаласы және Changan брендінің астанасы. Бұл жер – нағыз қытайлық Детройт, онда жылына миллиондаған көлік өндіріледі. Тек Changan емес, Changan кәсіпорнымен бірлескен Mazda, Suzuki, Ford сияқты көліктер де шығарылады. Брендтің әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан жалпы 33 зауыты бар. Оның 10-ы және бас орталық ретінде саналатын R&D осы қалада орналасқан. Карантин шектеулері алынған соң қазақстандықтар Changan-ның өндіріс нысандарына баруға рұқсат алған алғашқы шетел қонақтары болды. Оған қоса оларға ішкі жану қозғалтқышы және гибрид қозғалтқыштары бар UNI-V және CS55PLUS модельдері шығарылатын жаңа зауытты көру бұйырды.
Фото мен видеода автокөлік өндірудің барлық кезеңі көрсетілмеген, кей процесті түсіруге шектеу қойылды. Бірақ бұл – көп өндіріс орындарында кездесетін қалыпты жағдай. Осылай, төрт цехтің екеуіне – дәнекерлеу және құрастыру цехіне экскурсия жасадық. Дегенмен оның өзі автоматтандыру деңгейінің қаншалық мықты екеніне көз жеткізу үшін жеткілікті болды. Дәнекерлеу цехінде 500-ге жуық робот күні-түні жұмыс істеп, операцияның 90%-ке дейінгісін бітіріп отыр. Ал құрастыру цехінде 325 робот шасси мен интерьерді, корпустың ішкі элементтерін құрастырып, соңында бір тексеріп, жалпы жұмыстың 37%-ін атқарып отыр. Зауыттың тағы бір ерекшелігі – атмосферасында: іші мұнтаздай, әдемі өсімдіктер өсіп тұр, қызметкерлердің көңіл-күйін көтеру үшін музыка ойнайды.

Зауытта қарбалассыз, бір леппен минутына бір автокөлік, күніне 1300 автокөлік өндіріледі.
Компания өкілдерінің айтуынша, тек осы зауыттың номиналды өндірістік қуаты жылына 240 мың автомобильге тең, ең көбі – 350 мыңға дейін, мысалы, былтыр 300 мыңға жуық көлік шығарылған.
Changan орталығы R&D: «Қытайда жасалғаннан» бастап «Қытайда шығарылғанға» дейін
Бүгінде Changan ғаламдық ғылыми-зерттеу желісінің алты елде және 10 қалада орналасқан 16 инновация институты мен технология орталығы бар. Оның ішінде ең ірі және бас орталығы болып саналатын Research&Development Чунцин қаласында орналасқан. Бұл жерден седан, кроссовер, Changan пикапы, Deepal, Avatr және Lumin сияқты суббрендтің бірнеше экземплярының – жалпы автокөліктің 13 жаңа моделінің шоурумын көрдік. Оның ішінде 578 а.к. электр қозғалтқышы бар, төрт секундта алғашқы жүздікке дейін жететін үдеткіші бар Avatr 11 преиум кроссовері деген «айғыр көлік» пен «жымиған езуі мен көзі бар» тәп-тәтті Lumin электромикрокары көзге ерекше түсті.

Жыл сайын Changan жаңа автомобильдер мен технологияларды әзірлеуге 1-1,5 млрд АҚШ долларын немесе табысының 5%-ін жұмсайды. Қазір олар электромобильдер мен әртүрлі «ақылға қонымды» технологияны, соның ішінде автопилот жүйелерін дамытуға мән беріп жатыр.
R&D орталығының сынақ зертханаларында фото, видео түсіруге рұқсат жоқ, сол себепті біз көрген көп қызық кадр сыртында қалып қойды, ал ол мыналар:
— тыныштық сыйлайтын жаңғырықсыз, акустикалық камералар (мұнда тіпті өзіңнің жүрек соғысыңды, тамырыңда ағып жатқан қан дыбысын естуге болады дейді) ;
— керісінше, дыбысты барынша қатты шығару үшін арнайы жасалған қабырғалары бар реверберациялық, акустикалық камералар;
— температура диапазоны -35-тен +55 °C-қа дейін болатын термокамералар;
— камуфляж астында жасырылған, бірақ қазірдің өзінде сынақтан өтіп, естен тандырып тұрған coming soon көліктері;
Сарапшылардың айтуынша, жаппай өндіріс басталғанға дейін әрбір модель 16 түрлі бағытта 12 400-ден астам сынақтан өтеді. Әрине, қытайлықтар технология мен сапаны дамытуда үлкен серпіліс жасады, бірақ бұл соңғысы емесі анық.
Changan сынақ полигоны
Оған қоса Changan-ның Dianjiang Test Ground деген жеке автополигоны бар. Оның аумағы – 233 гектар. Ол Қытайдың батысындағы ең үлкен автополигон. Мұнда Changan-ның жасалып жатқан барлық көлігінің басқару, тұрақтылық, тежеу өнімділігі, сыртқы шу және электрон басқару жүйелерінің қаншалық сенімді екені сыналады. Changan кешенді сынақ полигонында 14 жол және 70-тен астам түрлі жабын бар. Мұндағы жолдар әдейі әртүрлі етіп жасалынған: кедір-бұдыр, топырақ, 10-нан 60 градусқа дейінгі еңістер және тағы басқа. Ұзындығы 5,4 километр болатын төрт жолақты, айналмалы әрі жоғары жылдамдыққа арналған жол автокөлікке 250 км/сағ дейінгі жылдамдықпен жүруге мүмкіндік береді.

Тест-драйвта ешқандай шектеу болмады: Changan автокөлігінің тоғыз моделіне мінсең де, оны бейнеге түсірсең де, өз еркің. Олар: UNI-V (ДВС және гибрид), Avatr 11, Deepal SL03 и S7, UNI-K (ДВС және гибрид) және тәтті Lumin.
Changan Қазақстанда
Қазақстанда «Чанъань» брендін көбі біле бермейді, дегенмен ол өз елінде өте танымал. Қазақстанда Changan ресми түрде «Астана Моторстың» еншілес компаниясы болып саналады. Бренд Қазақстанға былтыр күзде келсе де, бүгінге дейін сегіз қалада 12 дилер кеңсесін ашып, мамырда танымал брендтер рейтиңінде 6-орынды алды.

Біз қазақстандық автомобиль нарығында үлкен әлеуетті көріп отырмыз. Біріншіден, бұл біздің елдеріміздің жоғары деңгейде экономикалық серіктес болуға деген ұмтылысына байланысты. Екіншіден, қазақстандықтардың қытайлық маркадағы көліктерге қызығатынын көрсететін жаңа нарық үрдістерінің әсері. Мәселе бағасының арзан екенінде ғана емес. Біз тұтынушыларымызға топтамаға бай, сапасы жоғары, кепілдігі бар өнім ұсынамыз. «Астана Моторстың» Алматыда мультибренд зауытын салу жобасына Changan-ның қатысуы және арнайы меморандумға қол қоюы Қазақстандағы №1 автомобиль бренді болу ниетімізді растайды, — деді Changan International Corporation бас директорының орынбасары Виктор Сунь.
Бүгінде Changan автокөліктері Қазақстанға тікелей Қытайдағы зауыттардан жеткізіледі. Ал 2025 жылы Алматыдағы мультибренд зауытында Changan-ның үш бестселлер моделі – Alsvin, CS35PLUS, CS55PLUS өнідіріле бастайды. Зауыт бренд сеніп тапсырған, ТМД аумағындағы алғашқы шағын өндіріс орнына айналады.