Алматының Жетісу және Түрксіб ауданында орналасқан бірнеше көшеде ыстық су беру уақытша тоқтатылады. Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Жетісу және Түрксіб ауданында орналасқан бірқатар үй мен ғимаратта ыстық су бірнеше күнге тоқтатылады.
3 шілде мен 14 шілде аралығында мына көшелерде ыстық су болмайды:
Лавренев –Дөнентаев –Жұлдыз-2 ықшамауданы (ішінара);
3 шілдеден 17 шілдеге дейін:
Монтажная – Баймағамбетов – Федосеев – Баймағамбетов;
10 шілдеден 14 шілдеге дейін:
Урицкий – Нұрсая – Бейсебаев – Бартольд;
Хмельницкий – Бакинская – Староэлеваторская – Куйбышев;
10 шілдеден 31 шілдеге дейін:
Поддубный – Сүйінбай – Дөнентаев – Хмельницкий;
13 шілдеден 20 шілдеге дейін:
Острумов – Красногорская – Дегдар – Остроумов;
17 шілдеден 21 шілдеге дейін:
Папанин – Сүйінбай – Ереванская – Стальский;
Кассин – Жұмабаев – Бехтерев – Шереметьев;
24 шілдеден 14 тамызға дейін:
Первомайская нефтебаза – Геологтар – Көкжиек ықшамауданы.
Мекеме мәліметінше, уақытша шектеулер су жылыту жабдықтары мен қазандықтарды жөндеу жұмысына байланысты енгізіледі.