Іле-Балқаш резерватында қамыс өртеніп жатыр. Өрттің жану аумағы 100 гектарға дейін азайтылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Өрт кішігірім аралдарда және кірме жолдары жоқ жетуі қиын батпақты жерлерде болды.
Өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күшімен Іле-Балқаш резерватынының аумағында орын алған (кішігірім аралдарда және кірме жолдары жоқ жетуі қиын батпақты жерлерде) өрттің жану аумағы 100 гектарға дейін азайтылды.
ТЖД және «Іле-Балқаш» МҰБ» РММ қызметкерлері жаяу қол шанц құралдары мен мотопомпаларды қолданып бес кварталда өрт сөндіру жүргізіліліп жатыр. Оған қоса Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің өтуін болдырмау үшін орман шаруашылығы күштерімен жер жыртылып жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ, — делінген хабарламада.
2023 жылғы 28 маусымда сағат 13.40-тан бастап табиғи өртті сөндіру үшін «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-872 тікұшағы жұмылдырылды.
Өрт ошақтарын сөндіруге ТЖД және «Іле-Балқаш» МҰБ» РММ 70-ке жуық қызметкер және 34 бірлік техника жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта көлемі 21 тонна жеті су ағызу жүзеге асырылды.
Айта кетейік, 25 маусымда Іле-Балқаш резерваты аумағындағы қамысты алқаптың 150 гектары өртенді.